Ауа райы: Еліміздің бірнеше өңірінде қарлы боран соғып, көктайғақ болады — новости Казахстана

Синоптиктер қазақстандықтарды алдағы үш күнде суық ауа-райы күтетінін айтуда. Мамандар еліміздің бірнеше бөлігінде қарлы боран соғып, көктайғақ болатынын ескертті деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Pinterest
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады.
Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді.
Атап айтқанда, Ақмола облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан асады.
Павлодар облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Кей жерлерде 30 м/с асып, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болад. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.