Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар жауып, тұман түседі — новости Казахстана

0

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жауын жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында мол жауын-шашын түседі. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы

Көрнекі фото: 24.kz

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болады, түнде кей жерлерінде  тұман  түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, тұман, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз  бұрқасын болады. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.