Ауа райы болжамы: 30, 31 шілде мен 1 тамыз
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері шілде айының соңғы күндері ауа райы қандай болатынын айтып берді.
«Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, кей жерде нөсер құяды, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді – 17-25°С», — деп болжайды синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда 30 шілдеде аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде сынап бағанасы 18-20 градус жылы болса, күндіз 28-30 градусқа дейін ысиды. 31 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз, түнде температура 17-19 градус нөлден жоғары болса, күндіз 30-32 градус аптап ыстық болады. 1 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде ауа райы 18-20 градус жылы, күндіз 32-33 градус аптап ыстық болмақ.
Тағы оқыңыз: 30 шілдеде қандай мереке: атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар
Алматыда сейсенбі күні түнде ауа температурасы 22-24 градус жылы болса, күндіз – 32-34 градус аптап ыстық. 31 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің екпіні – 13 м/с. Түнде ауа температурасы 21-23 градус нөлден жоғары, күндіз 33-35 градусқа дейін ысиды. 1 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде – 21-23 градус жылы, күндіз – 35-37 градус аптап ыстық.
Шымкентте 30 шілдеде түнде 20-22 градус жылы, күндіз – 34-36 градус аптап ыстық. 31 шілде мен 1 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы 21-23 градус жылы, күндіз 36-38 градус аптап ыстық.
sputniknews.kz