Ауа райы болжамы: 28, 29, 30 мамыр

0
76

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері күн жылынып, өткінші жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері 2019 жылдың 28-30 мамыр күндеріне ауа райы болжамын ұсынды.

Мәліметке сүйенсек, көктемнің соңғы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады. Сонымен қатар жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел соғады.

«Алдағы тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз болғанымен, батыс өңірлерде жауған жаңбыр шығысқа қарай ығысып, республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынмен қатар найзағай ойнайды», – делінген хабарламада.

Ірі қалалардағы ауа райы

28 мамырда Нұр-Сұлтанда ауа температурасы түнде 10 градус жылы болса, күндіз +24 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде +13 градус, күндіз +23 градус жылы. Шымкентте түнде 19 градус нөлден жоғары болса, күндіз 31 градусқа дейін ысиды.

Тағы оқыңыз: 27 мамыр: атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

29 мамырда елордамызда ауа температурасы түнде +14 градус, күндіз +26 градус. Алматыда түнде +16, ал күндіз 27 градус ыстық болады. Шымкент қаласында түнде плюс 20 градус болса, күндіз 34 градус ыстық.

30 мамырда Нұр-Сұлтанда ауа температурасы түнде 14 градус нөлден жоғары, ал күндіз 23 градусқа дейін жылынады. Алматыда сынап бағанасы түнде +17 градус, күндіз +30 градусты көрсетеді. Шымкентте түнде 22 градус жылы болса, күндіз 35 градус ыстық болады.



sputniknews.kz