Ауа райы болжамы: 27, 28, 29 шілде

0
1559

Синоптиктер 27-29 шілде аралығына ауа райы болжамын ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Spuntik. «Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнде жаңбыр жауып, дауыл соғып, кей жерлерде тағы да аптап ыстық болатынын хабарлады.

«Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс пен солтүстік-батыста кей жерде нөсер жаңбыр құяды», – делінген хабарламада.

Ал республиканың қалған бөлігінде Ираннан келген ыстық ауа ағыны салдарынан температура жоғарылап, аптап ыстық болады, дейді синоптиктер. Сондай-ақ Қазақстанның кей жерінде найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Дабылды ескерту

Сонымен қатар «Қазгидромет» метеоқызметі екі өңірде ауа райы бұзылатынын айтып, дабылды ескерту жариялады.

27 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жаңбыр қатты жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Орал қаласында ертең найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 18 м/с.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 27 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

Сонымен бірге 27 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен жел соғып, кей жерде 18 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Ақтөбе қаласында 27 шілдеде оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен соққан желдің екпіні – 15 м/с.



sputniknews.kz