Ауа райы болжамы: 24, 25, 26 қаңтар

0

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері хабарлағандай, циклон және антициклондар бірінен соң бірі тез ауысуы салдарынан Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы күрт ауытқиды.

Циклонмен бірге келген атмосфералық фронттар салдарынан қар жауып, бұрқасындатып, батыстан қатты жел соғады. 

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы күрт құбыла қоймайды, бірақ атмосфералық фронттардың ықпалымен бұл өңірлерде жылбысқы қар жауады, таулы аймақтарда қар қалың түседі, көктайғақ және тұман болады.

Дабылды ескерту

23 қаңтар синоптиктер дабылды ескерту жариялады: Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавл қаласында 23 қаңтарда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Gismeteo мәліметіне сүйенсек, 24 қаңтарда Астанада түнде ауа температурасы —13 градус болса, күндіз —11 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде —2 градус, күндіз +2 градус болады. Шымкентте түнде —3 градус, ал күндіз ауа температурасы +5 градус болады. 

25 қаңтарда еліміздің бас қаласы Астанада түнде 22 градус аяз, ал күндіз 25 градус аяз болады. Алматыда түнде де, күндіз де +1 градус. Шымкентте түнде —4 градус болса, күндіз +8 градусқа дейін көтеріледі. 

26 қаңтарда Астанада түнде —20 градус, күндіз –15 градус. Алматыда түнде сынап бағанасы 2 градус нөлден төмен болса, күндіз +3 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде —2 градус, күндіз +8 градусты көрсетеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/