Ауа райы болжамы — 20 қаңтар

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ертең бірнеше облыста қар жауып, бұрқасындатады, сонымен қатар тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

20 қаңтарда күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с болады деп болжанып отыр.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде оның күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында ертең тұман түседі, деп ескертті синоптиктер.



sputniknews.kz