Ауа райы болжамы: 19 тамыз

0
101

Қазақстан астанасында дабылды ескерту жарияланды: күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Дүйсенбі 19 тамызда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік, орталық, шығыс пен оңтүстік-шығыста кей жерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлады синоптиктер.

Кей жерде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, құйындатуы мүмкін, республиканың солтүстігінде кей жерде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең – тұман.

Ірі қалалардағы ауа райы

Қазақстан астанасында дабылды ескерту жарияланды. 19 тамызда таңертең және күндіз, 20-21 тамызда күні бойы күн күркірейді, 19 тамызда таңертең және күндіз, 21 тамызда күні бойы бұршақ жаууы ықтимал.

Нұр-Сұлтанда дүйсенбі күні 27-29 градус аптап ыстық болады, түнде 14-16 градус жылы.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Алматыда дүйсенбіде 25-27 градус ыстық, түнде 12-14 градус нөлден жоғары, көшпелі бұлтты.

Шымкентте аптап ыстық болады, ауа температурасы 32-34 градусқа дейін көтеріліп, түнде сынап бағанасы 15-17 градусты көрсетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде күн күркіреп, бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды облыстарында да күн күркірейді.

Қызылорда облысында, күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарында кей жерде желдің екпіні – 15-20 м/с, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз, Қостанай облысында кей жерде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.



sputniknews.kz