Ауа райы болжамы: 15, 16, 17 тамыз
Қысқа сілтеме алу
15-17 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, ал батыста — аптап ыстық
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады және бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» метеоқызметі.
«Республиканың батысына Архангельск ауданынан келетін антициклон ықпал етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы біртіндеп жоғарылап 30…41 градусқа дейін жетеді», — дейді синоптиктер.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда 15 тамызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екіпін 7-12 м/с, ұйықтқуы 15 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус нөлден жоғары болса, күндіз 20-22 градус жылы болады. 16 тамызда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде сынап бағанасы 10-12 градус, күндіз 19-21 градусты көрсетеді. 17 тамызда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы болмақ.
Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Алматыда 15 тамызда күн бұлтты, жаңбыр жауады, түнде нөсер құяды, күн күркірейді, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, ұйытқуы 15 м/с, температура түнде 16-18 градус, күндіз 25-27 градус жылы. 16 тамызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күн күркірегенде ұйытқуы 13 м/с, температура түнде 15-17 градус, күндіз 23-25 градус жылы. 17 тамызда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күн күркірегенде ұйытқуы 13 м/с, температура түнде 15-17 градус, күндіз 23-25 градус жылы.
Шымкентте 15 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, күндіз ұйытқуы 15-20 м/с, температура түнде 15-17 градус, күндіз 26-28 градус жылы. 16 тамызда көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, ұйытқуы 13 м/с, температура түнде 14-16 градус, күндіз 26-28 градус жылы. 17 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, ұйытқуы 13 м/с, температура түнде 15-17 градус, күндіз 28-30 градус.
sputniknews.kz