Ауа райы болжамы: 13, 14, 15 маусым

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

13-15 маусым аралығына ауа райы болжамы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде — 13-15 маусым аралығында ауа райында еш өзгеріс болмайды деп хабарлады. Себебі жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғалды әрі салқын ауа массалары жылжуын жалғастырады.

Қазақстанның көптеген облысының кей жерінде алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, жаңбыр жауып және екпінді жел соғады. Сонымен қатар, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы аз уақытқа жоғарылап, кейін қайта төмендейді: республиканың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Маңғыстау облысында ғана ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болмақ.



sputniknews.kz