Ауа райы болжамы — 12 маусым: Шымкент, Тараз, Алматы, Шардара, Атырау

0

Синоптиктер 12 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Қазгидромет  мәліметі бойынша, 12 маусымда батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды. Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райы құбылмалы. Кей жерде күн күркіреп, жел күшейеді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте – тұман.

Дабылды ескерту

Қостанай облысында 12 маусымда кей жерде күн күркірейді, түнде және таңертең — тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күн күркірегенде 15-20 м/с-қа дейін ұйытқиды.

12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, күн күркірейді, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерде екпіні – 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 23 м/с.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі бар.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерде – желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында желдің екпіні 17-22 м/с.

Тағы оқыңыз: Астролог маусым айына болжам жасады: сізді алда не күтіп тұр?

Жамбыл, Қарағанды облыстарында кей жерде – дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде дауыл соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерінде аптап ыстық болады

Ірі қалалардағы ауа райы

  • Шымкентте ауа райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз температура 25-27 градус нөлден жоғары, түнде — 15-22 градус.
  • Алматыда сәрсенбіде күн бұлтты, кейде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз сынап бағанасы плюс 18-20 градусты көрсетсе, түнде 13-15 градус жылы болады.
  • Қазақстанның астанасында ауа райы көшпелі бұлтты, түске дейін күн ашық болса, түстен кейін жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз температура 22-25 градус ыстық болса, түнде 16-20 градус аралығында құбылады.



sputniknews.kz