Атышулы Ninety One тобының әншісі шаңырақ көтерді (видео)

0
1196

Ninety One тобының тағы бір мүшесі отбасын құрды. Күні кеше атышулы ұжымның көшбасшысы Дулат Мұхаметқалидің үйлену тойы дүркіреп өтті, деп жазады kznews.kz тілшісі.

Көпшілікке ZAQ лақап атымен танылған әртістің шаңырақ көтергені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Ninety One тобының өзге мүшелері той барысынан түрлі видео жариялап, Дулаттың үйленгенін ресми түрде растады. Белгілі болғандай, ZAQ-тың таңдауы Жадыра есімді аруға түскен. Қалыңдық жайлы әзірге көп ақпарат жоқ. Ал екі жастың қуанышында жігіт жолдас қызметін танымал жас актер Сануржан Сүлейменов атқарған.

Айта кетейік, осымен Ninety One тобының екінші мүшесі ресми түрде бойдақтар тізімінен шығып отыр. Бұған дейін топ солисі Батырхан Мәліковтің де отбасын құрғаны белгілі болған еді.