Атышулы блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

0

Атышулы блогер Мұрат Әбділда бостандыққа шықты. Бұл туралы Мансар Орынған инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті.

Осыған дейін Мұраттың адвокаты журналистерге мәлімдеме жасаған еді.

«Бұл кісіге 2022 жылы 31 наурызда Қылмыстық кодекстің 174-бап «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» соттың үкімі шыққан. Бұл баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұған дейін жазасын Шымкентте өтеп келді. 2023 жылғы қазанда Шымкент сотына жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініш жазған. Оны Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қанағаттандырудан бас тартқан. 2024 жылғы 16 мамырда жазылған өтініш те қанағаттандырусыз қалды. Жазда жазылған өтініш бойынша бүгін соттың қаулысы шықты. Біз оны мерзімінен бұрын шартты түрде босатуын сұрадық. Мұраттың түрмеде жүргенде мінез-құлқы, тәрбиесі, ішкі әкімшіліктің заңды талаптарын орындағаны, жеке бас гигиенасын сақтағаны, 4 рет марапаттау алғаны, жазалау шарасын алмағаны әсер етті», — деді Жантөре Зәуірбекұлы.