Атышулы Байзақова 1 желтоқсанда дүниеге ұл әкелді

Атышулы Айжан Байзақова ұлды болды. Отандық блогер бұл жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.
Әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналған Байзақова 1 желтоқсан күні өзінің босанғанын мәлімдеді.
«Тұңғыш президент күні босану? Оп-оңай! Бүгін мен оны алғаш рет көрдім және бір көргеннен ғашық болудың бар екеніне сендім», -деді ол.
Блогер жазбасының астына «Туған күніңмен, ұлым» деген хэштег қалдырыпты.
Желі қолданушылары Байзақованы құттықтап, тілектерін жаудырған.