Атыраулық жігіттің балкондағы ер адамды құтқарғаны түсірілген видео Желіде кеңінен тарады — Бір үзік

0

Көпқабатты үйдің балкондарының арасында салбырап тұрған ер адамды құтқарған жігіттердің видеосы Қазнетте кеңінен тарады. Бірнеше секундтың ішінде ер адамға жетіп, қауіпті трюк жасаған атыраулықты барлығы «Ямакаси» деп атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі zello_atyrau паблигінде пайда болды.  

Кадрдан қара түсті киім киген ер адамның бір қолмен балкон жиегін ұстап, аяғын төменгі қабаттағы балконның қабырғасына тірегенін көруге болады. Қауіпті жағдайға тап болған ер адамға жоғарғы қабаттан бір қыз көмектеспекші болды. Оқиға куәгерлері бірден көмек көрсетуге жүгіріп, алдымен екінші, кейін үшінші және төртінші қабаттың балконына шықты. Сөйтіп, өрмелеп шыққан жігіттер ер адамның төртінші қабаттағы балконға кіруіне көмектесті. Жігіттердің бірі санаулы секундта төртінші қабатқа өрмелеп шығып, Қазнет қолданушыларын таңғалдырды.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz