Атыраулық әйел жаңа туған сәбиін 5 мың долларға сатқан

0

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Тескеріс барысында әйел адамның өз баласын сатқаны белгілі болды.

«Атырау облысында полиция қызметкерлері өз баласын 5 мың долларға сатқан 32 жастағы әйелді ұстады. Оқиғаға қатысты кәмелет жасқа толмаған адамды сату бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ІІМ-нің мәліметінше, 1 апта ішінде адам саудасына қатысты 67 іс тіркеліп, 21 әкімшілік хаттама толтырылған.

Дереккөз: sn.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз