Атыраудан ұшқан Ан-2 ұшағы әуежайға қайта қонды

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 15:37 343

Атыраудан ұшқан Ан-2 ұшағы әуежайға қайта қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ұшақ «Орлан-2000» әуекомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Орлан-2000» әуе компаниясының Ан-2 ұшағы сағат 13:34-де Атырау қаласының әуежайына техникалық жағдайда қайта қонды. Зардап шегушілер жоқ. Шағын әуе кеңістігінің UP-А0008 нөмірлі ұшағы Атырау-Ганюшкино бағытында ұшып жүрген болатын», — делінген комитет хабарламасында.

Орын алған оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.  

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz