Атыраудағы жоғалып кеткен ферфердің денесі табылды

0
145

6 қыркүйекте Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны 47 жастағы фермер жоғалып кеткен. Жылқы іздеуге шыққан азаматтың бүгін денесі табылды.

Факті бойынша Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жүріп-тұру бағыты бойынша жоғалып кеткен адамның тұрған жерін анықтау мақсатында облыстық полиция, ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер жергілікті жерді аралап шықты.

Іздеу шараларының нәтижесінде 14 қыркүйек күні таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жерде 15-20 метр тереңдіктегі терең шұңқырда полиция жоғалған ер адамның денесін тапты.

«Қазіргі уақытта бұрын сотталған Құлсары қаласының 1982 жылы туған тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99 – бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның барысында жасалған қылмыстың себептері анықталатын болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте «Боздақ» шаруа қожалығының 47 жастағы басшысы Нұралы Нұртілеуов жылқыларын іздеп далаға шығып, жоғалып кеткен. Ал туыстары әкімдік алында фермерді тауып беруін сұрап шу шығарған еді.

stan.kz