Атыраудағы Орал өзенінде балықтар жаппай қырылып жатыр

0
Атыраудағы Орал өзенінде балықтар жаппай қырылып жатыр


Атырау облысындағы Орал өзенінде балықтар жаппай қырылып жатыр.

Атырау қаласындағы Орал өзенінде балық қырылып жатқаны туралы ақпарат сенбі күні әлеуметтік желілерде пайда болған еді. Куәгерлер ірі балықтардың, әсіресе ақмарқаның су бетіне қалқып шығып жатқаны туралы жазды. Сосын мұндай көрініс қала шетіндегі Жұмыскерде, Бугоркада да орын алғаны туралы видеолар жарияланды. Облыстық әкімдік жағдайды растады.

«Ведомстоваралық комиссия құрылды. Су сынамасы алынды. Егжей-тегжейлі ақпаратты жексенбі күні береміз», — деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев. 

Дереккөз: ҚазАқпарат