Атыраудағы көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қаза тапты

0

Оқыс оқиға бүгін, 4 тамызда сағат 10:00 шамасында болған.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Көпқабатты тұрғын үйдегі лифтіні бөлшектеу кезінде екі қызметкер лифт шахтасына құлап кеткен. Оқиға орнында 40 жастағы адам мерт болған.

«Ал екінші адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.