Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жастағы бүлдіршінді іздестіріп жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда жоғалған баланы туыстары, полиция және еріктілер іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

«Бүгін, 20 мамыр күні күннің екінші жартысында Жұлдыз шағын ауданындағы №57 үйден 10 көшеге шығып, бала қайтып оралмаған. Оның аты Әли, 1,5 жаста, оң аяғынан аксап жүреді. Егер баланың қайда екендігі туралы біреу білсе, бізге 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз», — деді облыстық полиция департаменті.

Баланы іздеуге тек оның туыстары мен полиция ғана емес, еріктілер де қатысып жүр.

«Волонтерлік штабтың, азаматтық орталықтың, «Қызыл Жарты Ай» қоғамының 50-ге жуық мүшесі, сондай-ақ автоволонтерлер тартылды. Баланы іздеу түні бойы жалғасады», — деді қоғамдық белсенді Олжас Сұлтанов. 

Оның айтуынша, жоғалған баланың отбасы тұратын жеке үй қоршалмаған, сондықтан бала еш кедергісіз көшеге шығып кеткен.
 

stan.kz