Атырауда Жайықтан белгісіз біреудің мәйіті табылды

0

Атырауда Жайық өзенінің жағасынан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kznews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, мәйіт 14 сәуір күні сағат 18:10 шамасында Атырау ықшамауданынан табылған.

Қазіргі уақытта мәйіт 2023 жылы 13 маусымда суға кеткен 2008 жылы туған жасөспірімдікі болуы мүмкін деген күдік бар. Нақты ақпарат тағайындалған сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.