Атырауда теріс ағымды ұстанушы қылмыстық топтың жолы кесілді – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Атырау облысында теріс діни ағымын ұстанған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қылмыстық топ

Бұл туралы ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

«2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті», – делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар екні анықталыпты.

Топтың 5 белсенді мүшесі ұсталған: олардың кейбіреуі «ұрылар» идеологиясына беріліп, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыста болған.

қылмыстық топ

«Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оларға оқ-дәрілер табылып, алынды. Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Екеуінен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды», – деп қосты комитет өкілдері.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз