Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

0

Түнгі төбелес кезінде Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов көз жұмды. Ол жүрегінен оқ жарақатын алып, оқиға орнында жан тапсырды

Танымал атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты өлтіріп кетті.

Қайғылы оқиға 9 тамызға қараған түні қала маңындағы Дамба және Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде болған, деп хабарлады Ақ Жайық газеті.

Оқ чемпионның жүрегіне тиген. Ол бір апта бұрын 18-ге толған еді.

Атырау облысының полиция департаменті әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Қылмыскердің ұсталған-ұсталмағаны да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбада полиция рейд жүргізген.

Есенбек Сиғуатов туралы не білеміз

Ол грэпплингтен жасөспірімдер арасында алғашқы әлем чемпионы болды. Турнир 2018 жылдың қыркүйегінде  елордада өтті, Есенбек 46 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Ол кезде Есенбек 11-сыныпта оқитын, финалға дейін ресейлікті, содан кейін өз отандасын жеңді, ал финалда Венгрия өкілінен басым түсті.