Атырауда Сәтбаев көшесі Назарбаев болып өзгерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда Сәтбаев көшесі Назарбаев деп өзгертілді. 

Атырауда Сәтбаев көшесі Назарбаев болып өзгерді

Бүгін, 20 наурызда Атырау қалалық мәслихатының XXXVI сессиясы өтті.  Депутаттар бірауыздан мақұлдап, қаладағы Сәтбаев көшесін Назарбаев деп өзгертуге дауыс берді.

Сәтбаев атауы Азаттық көшесіне берілді. Бұл туралы нақты шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін қаладағы орталық көшелерді Назарбаев деп атауды ұсынған еді. Соған орай Шымкенттегі орталық көшенің бірі Назарбаев деп аталды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

stan.kz