Атырауда полиция қызметкері асылып қалды

0
969

Атырау облысы Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып қалған. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылмы жазды.

Таңғы сағат 8 шамасында Құрманғазы ауданының тумасы Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істеген 25 жастағы полицей асылып қалды. Оның денесі стадиондағы турникте дарға асылып тұрған күйде табылды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұл осымен наурызда болған үшінші жайт. 19 наурызда ҚПБ-да психолог болып жұмыс істеген полиция лейтенанты өз үйінде бақилық болған. Бұл оның жоспарланған ұзатылу тойына бірнеше күн бұрын болған оқиға. Арада бір күн өткен соң Махамбет ауданы тұсында Жайық өзенінен сол ауданның полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкерінің денесі табылды. Ал жағада аузында көлікті оталдыратын кілті тұрған күйде оның көлігі қалған.