Атырауда өзбек әйелдің көрпеге ораулы денесі табылды

0

Атырау қаласында бейіт басынан әйелдің денесі табылды

Өңірдің полиция департаменті бастығы Аян Дүйсенбаев хабарлағандай, Атырау қаласының шағын аудандарының бірінен әйелдің мәйіті табылған.

Қаза тапқан әйел Өзбекстан азаматы болып шықты, деп хабарлады полицей халыққа есеп беру жиынында.

«Әйелді өлтірген күдікті ұсталды. Басқа мәлімет тергеу аяқталғанша хабарланбауы тиіс», — деді Аян Дүйсенбаев, деп жазады жергілікті «Мой город».

Істің барысын сұраған қала тұрығыны сол жайттан кейін жұрт далаға шығудан қорқып қалды дейді.

26 ақпанда мұсылман зиратынан көрпеге ораулы жас әйелдің денесі табылған. «Ақжайық» басылымы хабарлағандай, қаза тапқан әйелдің кеуде тұсында өткір заттың сұғылған іздері, тіліктер болған екен.

sputniknews.kz