Атырауда оқушы 16-қабаттан секіріп, көз жұмды

16 жасар жасөспірім 16-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады.
Қайғылы оқиға өткен түнде 2 наурызда Алмагүл ауданында орын алған.
«2007 жылы туған жасөспірім Алмагүл шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің биіктігінен құлаған кезде қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК — нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz