Атырауда облыстық аурухананың 200 қызметкері 14 күнге карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырауда бір аурухана тұтастай карантинге жабылды. Мекемеге таңертең жұмысқа келген 200 қызметкер 14 күнге ауруханада қалатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

аурухана

Сурет: azh.kz сайтынан

«Таңертең біздің жақындарымыз жұмысқа кеткен еді. Міне, кеш болды әлі ол жақтан ешкім қайтпады. Еш хабар жоқ, олар аш шығар, қатты уайымдап отырмыз. Олардың ауруханасында түнде коронавирус жұқтырған науқас анықталған еді», — дейді медициналық қызметкерлердің туыстары. 

Аурухананың бас дәрігері Сайын Шомыров карантин жайлы ақпаратты растап отыр. 

«Облыстық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшылығының қаулысымен бізді карантинге жауып жатыр. Таңертең жұмысқа келген аурухананың барлық қызметкерлері осында 14 күн болады», -дейді бас дәрігер.

Сөзінше, тамақтану мен жатын бөлмесімен қамтамасыз ету жұмыс тәртібінде іске асырылады екен. 

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасы аурухананың 100 қызметкері коронавирус жұқтырды деген хабарламаны жоққа шығарған болатын. Жалған ақпаратқа сәйкес, ауруды жұқтырған — Қызылқоға ауданының тұрғыны екен. 

«28 жастағы науқаспен 27 адам байланысқа түскен, олардың тек екеуі ауруды жұқтырыпты. Бір науқас пен медбике. Қалғандары басқаларына оқшауланып, карантинге жатқызылды», — деген еді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Еске салайық соңғы ақпарат бойынша, Атырауда коронавирус жұқтырған 20 адам тіркелген. 

 

stan.kz