Атырауда науқастан қан үлгілерін алған медбике короновирус жұқтырып алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында коронавирус жұқтырған бесінші адам қалалық емхана қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Атырауда науқастан қан үлгілерін алған медбике короновирус жұқтырып алды

Медбике 17 наурыз күні Атырауға Стамбұлдан Алматы арқылы ұшып келген қыздан қан үлгілерін алды. Кейін науқасқа инфекция диагнозы қойылды.

Ал бүгін, 29 наурызда, емхана қызметкерінен коронавирусты растады.

Қазір ауруды жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Барлығы карантинге алынған.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, үшінші қалалық емхана 30 наурыздан бастап қашықтық режимге ауысады.

Медициналық мекеме толық дезинфекция жүргізеді.

Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелді. Елде 228 жағдай расталды.

18 науқас сауығып кетті. Вирус жұқтырғандардың бірі, 64 жастағы әйел 26 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы ауруханада қайтыс болды.

stan.kz