Атырауда нәрестені қасақана өлтірді деген күдікпен тағы бір дәрігер ұсталды

0
30

Перинаталдық орталықтың бас дәрігері базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді тоңазытқыш камераға салуды бұйырған

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Атырау облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған баланың өлтірілуіне қатысты іс бойынша үшінші күдікті анықталды. Бұл жолы аталған перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ұсталды.

Оған алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра, адам өлтіру дерегі бойынша айып тағылды. Яғни оған өткен жылдың 29 қыркүйегінде жаңа туған баланы мұздатқыш камераға салған деген айып тағылуда, деп хабарлады КТК.

Айта кетейік, бұл – осыған дейін жауапқа тартылып жатқан перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныштан кейінгі үшінші адам.

Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды

Тергеу материалы бойынша Нысанбаев базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді тоңазытқыш камераға салуды бұйырған. Бұны бас дәрігердің телефонын басқа бір іс бойынша тыңдап жүрген жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері естіп, дереу орталыққа жеткенімен, сәбиді құтқарып үлгермеді. Ал Нысанбаев сол түні қаладағы сауналардың бірінен ұсталды.



sputniknews.kz