Атырауда мемлекетаралық іздеу жарияланған жасөспірім ұсталды

0

17 жастағы жасөспірім Шымкентте қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеу жарияланған Қызылорда тұрғыны қыс бойы Атырауда жасырынып жүрген. Бұл туралы ATPress.kz редакциясына Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлады.

Оның айтуынша, 17 жастағы жасөспірім өткен жылдың желтоқсанында Шымкентте қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген. Осы оқиғадан соң оған мемлекетаралық іздеу жарияланып, наурыз айында Атырауда ұсталған.

Қашқын қамауға алынды, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қайсағалиеваның айтуынша, өткен жылы атыраулық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген 88 азаматты (оның 18-і шетелдік) ұстады.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз