Атырауда мас күйде жанжал шығарған екі қытайлық ұшақ рейсінен түсірілді — Ел жаңалықтары

0

«Атырау-Астана» әуерейсінен екі адамды түсіріп тастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне «Эйр Астана» әуекомпаниясы өкілдері ішкі рейстер бойынша «Атырау-Астана» бағыты бойынша тіркеуге алу кезінде екі жолаушының жат мінез көрсеткенін хабарлаған.

«Арыз берушілердің айтуынша, құқықбұзушылар мас күйде өздерін ашушаң ұстап, ескертулерге құлақ аспай, әуежай қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Тексеру барысында олардың Қытай азаматы екені анықталған. Олардың жасы 51-де және 41-де», — делінген баспасөз хабарламасында. 

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ұсталғандар «орта деңгейде» мас болғаны анықталды. 

Ер адамдарға әрқайсына 5 АЕК (12 625 теңге) айыппұл салынды. Атырау сотының шешімімен ұсақ бұзақылық дерегі бойынша олардың әр қайсына әкімшілік айыппұл салынды — 5 АЕК (12 625 теңге).

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz