Атырауда күзет фирмасының қызметкерлері кісі тонап, қарақшылық жасаған

2018 жылғы 9 желтоқсан 21:00 66

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атыраудағы күзет фирмасының қызметкерлері қарақшылықпен және тонаумен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
5 адамнан тұратын қылмыстық топтың іс-әрекеті жәбірленушілердің бірінің полицияға арыздануынан кейін әшкере болды. Өзбекстан азаматы бейтаныс адамдар жұмысшылардың құнды заттарын және ірі сомадағы ақшасын тартып алып, қоқан-лоққы көрсетіп жүргенін айтқан. Соңғы жағдай сол полицияға арызданған күні болған. Іс бойынша 18-24 жас аралығындағы бес адам тұтқындалды. Оның екеуі — қаладағы әлдебір күзет фирмасының қызметкерлері болып шыққан.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің қарақшылық бабы бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.