Атырауда күшті жел соғып, тұрғын шатырын жұлып әкетті — Қазақстан жаңалықтары

Атырауда үйдің шатыры тұрақтағы көлік үстіне келіп құлады.
Фото: ТЖК
Бүгін, 12 сәуір күні, 5-қабатты үйдің шатыры құлады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар зақымдалған көлік иелерін іздеуде.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.
Темір шатыр үш көлікті зақымдады.
Қалада 18 м/с жылдамдық соққан жел айтарлықтай қиындық тудырды.
stan.kz