Атырауда көшенің қақ ортасында адам өлтіріп кетті

0
358

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Атырау полициясы Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады

АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Атырауда көшенің қақ ортасында адам өлтіріп кеткен екі күдікті іздестіріліп жатыр.

Әлеуметтік желіде көшенің қақ ортасында көлік жанында тұрған ер адамға екіншісі бетпе-бет келіп, оқ атып, қашып кеткен жантүршігерлік видео таралуда.

Бұл оқиға Атырау қаласындағы вокзал маңы ықшамауданында 16 сәуірде сағат 19.05-те болды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» жергілікті басылымы.

Оқ тиген 32 жастағы адам Атырау облысы Мақат ауылының тумасы екен. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Бөлшектеп, үстіне бетон құйған: Атыраудағы сұмдыққа қатысты тың дерек шықты

Осы қанды оқиғаға байланысты қазір екі күдікті іздестіріліп жатыр. Басылымның хабарлауынша, марқұмды атқандар жерлестері, яғни мақаттықтар. Оқ атқан 39 жастағы қаскөйдің қасындағы сыбайласы – 17 жаста.

Қазір полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктерлерге іздеу жариялаған.



sputniknews.kz