Атырауда коронавирустан көз жұмған науқас үйінде бір апта өздігінен емделген — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында коронавирустан көз жұмған екі адамның бірі үйінде бір апта жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті.

«Коронавирус індетінен қайтыс болған науқастың бірі респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық аурухананың провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізілді. Ауыр жағдайда «екі жақты пневмония, жедел тыныс алу жетіспеушілігі» диагнозымен жатқызылған сырқатты дәрігерлер аман алып қала алмады», — деді Қабдықапаров.

Вирустан көз жұмған екінші адам бір апта бойы үйінде ауырған. Алғашқы үш күнде диарея белгілері, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, болған. Өкпесінің КТ зерттеуі жасалды. Өкпенің зақымдалуы 50% құрады. Ауруханаға түскен кезден бастап науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды»,- деді Нұрлыбек Қабдықапаров. Бұған дейін Атырауда коронавирустан екі адам көз жұғаны туралы айтылған еді.

stan.kz