Атырауда футбол ойыны кісі өлімімен аяқталды
Бұл 4 қаңтарға қараған түні Сағыз ауылында болған оқиға.
Ойын барысында жігіттер арасында дау шығып, төбелеске ұласты. Нәтижесінде бір адам ауруханаға жатқызылды, екіншісі — жақында әскерден оралған 22 жастағы жігіт жарақаттан қайтыс болды, деп хабарлайды портал caspiannews.kz.
Қылмыс жасады деген күдікпен 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Оған қатысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Фото: zakon.kz