Атырауда есірткімен ұсталған полицейлердің видеосы пайда болды (видео)

0

Атырау облысында есірткімен ұстаған полицейлерді құрықтау сәті түскен видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Құқық қорғау өкілдерін қылмыс үстінде ұстау туралы дүйсенбі күні  yyedilov Telegram — каналында айтылды.

«Атырау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері Данияр Қанатов пен Роман Аймағамбетовтың есірткі заттарымен ұсталуы» , — деген видео жарияланды.