Атырауда ерекше балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды

0
30 Қараша 2018, 17:55 303 0

Астана, BAQ.KZ. Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай ерекше балаларды оңалтуға арналған жаңа медициналық орталық ашылды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Орталықтың ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов пен мемлекеттік органдардың өкілдері және балалардың ата-аналары қатысты.

«Тұңғыш Президент күні қарсаңында біз қуанышты және маңызды оқиғаны атап өткелі тұрмыз. Орталықтың ашылуын ерекше бала тәрбиелеп отырған көптеген отбасылар асыға күтті. Біздің қалаға жаңа медициналық орталықты сыйға тартқан BI Group компаниясының қайырымдылық қызметіне алғыс білдіреміз. Бұл бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы үш жақты жемісті ынтымақтастықтың жарқын табысы деуге болады. Жаңадан ашылып отырған орталық балалар мен олардың ата-аналарына ертеңгі күніне сенім сыйлады,- дейді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Церебральды сал ауруымен ауыратын балаларды оңалтуға арналған «Жұлдызай» жаңа медициналық орталығының мамандары күн сайын 36 баланы емдей алады.

Ауданы 200 ш.м. болатын орталықтың терапиялық массаж, невропотологтардың қадағалауымен физиотерапия, жаттығу терапиясын қоса алғанда, қызметтердің толық кешенін ұсынады. Сонымен қатар, логопед – дефектолог, психолог, массаж, физиотерапия, эрготерапевт және невропатолог-реабилитолог кабинеттері бар.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ