Атырауда бір үйдің екі баласы суға кетті
2024 жылдың 1 тамызында Атырауда бір үйдің екі баласы суға кетті. 2015 жылғы қыз бала мен 2017 жылғы ұл баланың қалай суға батып кеткені белгісіз.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД 6 құтқарушысы, 3 жүзу құралы жұмылдырылды.
«Департаменттің психолог маманы балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Сағат 16:20-да ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлерімен 2017 ж.т. ер баланың денесі табылды. Оқиға орнында құтқарушылардың, ПД қызметкерлерінің және жергілікті тұрғындардың күшімен 2015 ж.т. қыз баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», — деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті.
фото: ашықдереккөз