Атырауда Бергей Рысқалиевке қатысты сот үкімі шықты — Қылмыс

0

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевті 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұрынғы әкімге өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдалана отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру, алаяқтық және пара алу айыптары тағылған. Мемлекет көрген шығынның сомасы 72 миллиард теңгеден асады.

Оның ағасы, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиевті сот 16 жылға бас бостандығынан айырды. 

Айыптау актісіне сәйкес, Бергей Рысқалиев өзінің қызметтік өкілетіттігін пайдаланып отырып, Атырау облысы әкімдігіндегі лауазымды тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы мемлекеттен ірі сомада қаражат жымқыру мақсатында қылмыстық топ құрған. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. Сотталушылар сотқа келмеу себебінен процесс олардың қатысуынсыз өтті. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz