Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың өлімі тіркелді

0
13 Желтоқсан 2018, 08:36 155 0

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев мәлімдеді.

Бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы «Луговой ат зауыты» мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында тіркелген.

«Луговой ат зауытында» 100-ге жуық бекіре тұқымдас балық өлген, 1974 балықтың жағдайы ауыр. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында 25 бағалы балықтың өлгені анықталды, 30 дана балықтың жағдайы нашар. Бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, себебі балық өсіру шаруашылығына өзен суы пайдаланылған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, экологтер мен қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының мамандары Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің бәрін тексереді», — дейді Арман Молдашев.

Айта кетейік, қазір ведомствоаралық комиссия Жайық өзеніндегі балық өлімінің себептерін анықтау үстінде. Балық қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Суға жүргізілген зертханалық зерттеулер Жайық суының тұрғындар үшін қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ