Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып 3 адам қайтыс болды

0

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы жазды.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Доссор-Құлсары тас жолында болған.

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір Мақат аудандық ауруханасында.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдардың қаза болуы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.