Атырауда ауласында алау жаққан мектептің директорына қатаң сөгіс берілді
Әлеуметтік желіде мектеп ауласында алау жағылғаны түсірілген видео тарады.
Кейін Атырау қаласындағы №8 Ө.Атамбаев атындағы мектепте Масленница мерекесі атап өтілгені анықталды. Алау жанында оқушылар тұр.
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, мұндай іс-шараны мектепте өткізуге болмайды.
«Діни сипаты бар іс-шара мектептің базасында өткен. Бірақ, қауіпсіздікті сақтау үшін төтенше жағдайлар органдарымен келісілмеген. Атырау қалалық білім бөліміне де хабарланбаған. Мектептің директоры ата-аналар ұсынысын қолдап, білім ордасының ауласында алау жағуға рұқсат берген. Осыған байланысты мектептің директорына қатаң сөгіс берілді», — деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.