Атырауда адамдар эскалатордан құлады | КТК
Әлеуметтік желіде зардап шеккендердің туған-туыстары 8 желтоқсанда эскалатордың бірі істен шығып, екі әйел мен үш жасар қыздың құлағандығы жайлы ақпарат таратты.
«Тамаша» сауда ойын-сауық орталығының күзетшілері мен сатушыларының сөздеріне қарағанда, бұл эскалаторға байланысты бірінші оқиға емес. Белгілі болғандай, мұндағы таяныш ұзақ уақытан бері істемейді, ал тұтқаға осы жағындағы таяныштың жұмыс істемейтіндігі туралы екі тілде жазылған жапсырма бар.
«Бұған жұрттың бәрі назар аудара бермейді. Біреулер сәбиін көтеріп келе жатқан шығар, оқи алмайтындар да кездесіп қалады. Олардың тұтқаға жармасуы әбден мүмкін. Сауда орталығы қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шараларды қабылдауы керек. Эскалаторды өшіріп тастау керек не болмаса бұзылып тұрған жағын лентамен қоршау қажет», — деп жазды аты-жөні белгісіз жан.
«Тамаша» сауда ойын-сауық орталығының басшылары келеңсіз жағдайдың 8 желтоқсанда күндізгі сағат 11-лер шамасында болғанын растады.
«Егде жастағы әйел мен оның туыстары эскалаторда құлаған оқиға орын алды. Сауда орнының екі қызметкері эскалаторды өшіріп, зардап шеккендерге көмектесті. Әкімшілік осы оқиға салдарынан жарақат алғандардан кешірім сұрайды», — деп нақтылады сауда орталығының басшылығы.
Олар жұмыс істемейтін таяныш жайлы айта келе, келушілерге абай болуды ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат