Атырауда 200 адамның ауруханада карантинге жабылуы туралы ақпарат жалған болып шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы 200 қызметкердің тұтастай карантинге жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

«Әлеуметтік желіде таралған ақпарат жалған. Ешқандайда Қызылқоға ауданының тұрғыны 200 медициналық қызметкерге ауру жұқтырмады», — делінген ресми хабарламада. 

Басқарма түсініктемесіне сәйкес, өз жұмыстарын 70 науқасы бар ульманология, гемотология, терапия,  урология, гинекология және хирургия бөлімдері шектепті. Науқастарға жасалған сынама нәтижесі теріс болып шыққан, алдағы уақытта олар дәрігерлердің бақылауында болады. 

Облыстық аурухананың басқа бөлімдері штаттық режимде жұмыс істеуде. 

Сондай-ақ басқарма өкілдері жалған ақпарат таратқандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екендігін айтады. Кінәлі азаматқа 5000 АЕК көлемінде айппұл тағайындалып, 2-5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда облыстық аурухананың 200 қызметкері 14 күнге карантинге жабылды деп айтылған еді. 

 

stan.kz