Атырауда 13 жасар қызын зорлаған: Тергеудегі педофил өгей әке бостандықта жүр

0

Атырауда ер адам өзінің 13 жасар өгей қызын зорлады деп күдіктелуде, бірақ құрбанын қорқытып, бостандықта жүр. Бұл туралы «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина ТАҢСӘРІ мәлімдеді.

Атыраулық мектеп оқушысы – дәл осындай хикаясы бар ағайынды-педофилдердің бірінің өгей қызы. «НемолчиKZ»  қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, атыраулық педофилдің бауыры Алматыда жеңгетайлықпен айналысып жүрген кезде оның жезөкшелердің жұмысы үшін барлық жағдай жасалған бірнеше үйі мен пәтері болған. Одан басқа, біреуге айтсаң, өлтіремін деп қорқытып, өзінің жас өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған. Алайда О.М. жақсы отағасы деп саналды, жәбірленушінің анасымен некеде төрт баласы дүниеге келді. Жақында ол алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда айыптаушы тарап жиырма үш жыл сұраған еді. Ол жазасын өтеп жатыр, ал оның бауыры Атырауда тұрады. Ол да сондай педофил, бірақ әлі бостандықта жүр.

— Қазір Атырауда күн сайын өзі мен анасына қоқан-лоқы жасап, дыбыстық хабарлама жіберіп тұратын педофил өгей әкесінің бостандықта жүргеніне 13 жасар қыздың әбден зәре-құты қашып, сұмдық күйді бастан кешуде! Баланың психикасы бұған шыдай алмайды, әбден шегіне жеткен, мұны оның суреттерінен байқауға болады. Психологтар дабыл қағып, психиатрлардың да көмектесуін сұрайды, — дейді Дина Таңсәрі.

Қыздың анасы — отбасындағы жалғыз асыраушы, оның тағы үш баласы бар. Алайда, әйел жұмыс істей алмайды, бұрынғы күйеуімен енді бірге тұрмаса да үлкен қызын қараусыз қалдыруға қорқады.

«НемолчиKZ» қоры Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВҚА жүгінді, өйткені қылмыстық іс қозғалған және оны жергілікті полиция тергеп жатыр, бірақ тергеудегі адам қамауға алынбаған.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-тармағы бойынша (жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

— Қазіргі уақытта тергеу-жедел шаралары жүргізілуде. Істі жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауына алынған, — деп хабарлады ПД.

Дина Таңсәрі бұл комментарийге:

— Сіздер сараптама нәтижесін күтіп отырғанда, баланың жынданып кететін түрі бар, ал «әкесі» ізіне түсіп, қорқытып жүр! Неліктен мұндай қауіпті адамдарды тергеу кезінде бостандықта қалдырады? — деді.

Айтпақшы, бұл іс прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне сонау тамыз айында тіркелген, бірақ әлі күнге дейін сараптама нәтижелері жоқ. Оның үстіне, күдікті тергеу сотына келмеген. Осы арада «НемолчиKZ» қоры ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

azh.kz