Атырау тұрғынынан дәрігерлер 15 келі ісік алды
Күрделі операцияны онколог-хирургтар облыстық кардиоорталықтың үздік хирургтарымен бірлесіп жүргізді.
Атырау облысының онкологиялық диспансерінің директоры Эльмира Сапарованың айтуынша, операция жүргізілген күннен бастап 10 күн өтті. Қазір 59 жастағы науқас тұрақты ауыр жағдайда, тиісті ем алуда.
«Науқаста ретроперитонеальді саркома екі жыл бұрын диагноз қойылған. Операция кезінде анастомоздарды қолдану арқылы сыртқы мықын артериясын және сол жақтағы несепағардың төменгі үштен бірін резекциялау арқылы салмағы 15 келі болатын үлкен ісік алынып тасталды. Бұл күрделі операцияны Атырау облыстық кардиоорталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Шамшенов пен хирург Ерлан Мадешев жүргізді», — деді ол.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_k