Атырау тұрғындарын қауіпсіздік формасын киген дәрігерлер шошытты (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0
19

WhatsApp мессенджерлерінде арнайы қауіпсіздік формасын киген жәрдем қызметкерлерінің видеосы таралған. Олар жедел жәрдем көлігінен түсіп, өздерін шақырған науқастың үйіне қарай беттейді. Бұл туралы ATPress.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы видеодан кейін коронавирус Атырауға да жеткен деген қауесет тараған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 26 ақпанда түстен кейін «103»-ке жақында Таиландтан келген әйел ыстығы көтерілгендігіні шағымданып, қоңырау шалған.  Қызметкерлердің формасын коронавирусқа күдік туындаған жағдайда қауіпсіздік нұсқауларына сәйкес киімі деп түсіндірген.

Науқас әйел жедел респираторлық вирустық инфекциясы диагнозымен жедел түрде №2 Атырау облыстық ауруханасының оқшаулау бөлімінде карантинге алынды. Алайда коронавирустық инфекция расталмаған және қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Денсаулық сақтау басқармасы Атырау облысында коронавирус оқиғасы тіркелмегенін атап өтті.

stan.kz